Нысандар жиынтығына қатынасу құқықтарын тағайындау

Сервер деңгейінде қатынасу құқықтарын тағайындауға қосымша ретінде, сіз нақты нысандарға, мысалы, қажетті тапсырмаға қатынасу мүмкіндігін тағайындай аласыз. Бағдарлама келесі нысан түрлеріне қатынасу құқықтарын көрсетуге мүмкіндік береді:

Нақты нысанға қатынасу құқықтарын тағайындау үшін:

  1. Нысанның түріне байланысты, басты мәзірде тиісті бөлімге өтіңіз:
    • Құрылғылар → Топтардың иерархиясы.
    • Құрылғылар Тапсырмалар.
    • Бақылау және есеп беру Есептер.
    • Құрылғылар → Құрылғы таңдаулары.
    • Бақылау және есеп беру Оқиғаларды таңдау.
  2. Қатынасу құқықтарын тағайындағыңыз келетін нысанның сипаттарын ашыңыз.

    Басқару тобының немесе тапсырманың сипаттары терезесін ашу үшін, нысанның атауын басыңыз. Басқа нысандардың сипаттарын құралдар тақтасындағы түйменің көмегімен ашуға болады.

  3. Сипаттар терезесінде Қатынасу құқықтары бөлімін ашыңыз.

    Пайдаланушылар тізімі ашылады. Атап көрсетілген пайдаланушылар мен қауіпсіздік топтарының нысанға қатынасу құқықтары бар. Басқару топтарының немесе Серверлердің иерархиясын қолданып жатсаыз, әдепкі бойынша тізім мен қатынасу құқықтары тектік басқару тобынан немесе басты Серверден иеленеді.

  4. Тізімді өзгерту мүмкіндігіне ие болу үшін Реттелетін рұқсаттарды пайдалану параметрін қосыңыз.
  5. Қатынасу құқықтарын конфигурациялаңыз:
    • Тізімді өзгерту үшін Қосу және Жою түймелерін қолданыңыз.
    • Пайдаланушы немесе басқару топтары үшін қатынасу құқықтарын көрсетіңіз. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
      • Егер сіз қатынасу құқықтарын қолмен көрсеткіңіз келсе, пайдаланушыны немесе қауіпсіздік тобын таңдап, Қатынасу құқықтары түймесін басып, қатынасу құқықтарын көрсетіңіз.
      • Пайдаланушыға немесе қауіпсіздік тобына пайдаланушы рөлін тағайындағыңыз келсе, пайдаланушыны немесе қауіпсіздік тобын таңдап, Рөлдер түймесін басыңыз және тағайындалатын рөлді таңдаңыз.
  6. Сақтау түймесін басыңыз.

Нысанға қатынасу құқықтары конфигурацияланған.

Сондай-ақ, қараңыз:

Бағдарлама функцияларына қатынасу құқықтарын конфигурациялау. Рөлге негізделген қатынасуды басқару

Бағдарлама функцияларына қатынасу құқықтары

Алдын ала анықталған пайдаланушы рөлдері

Басына оралу